22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды1. «Eurasia Barysy» дегеніміз қандай жарыс?
Қазақ күресінен өтетін «Eurasia Barysy» халықаралық турнирі елімізде осымен екінші мәрте өтіп отыр. «Eurasia Barysy» турнирінің басты ерекшелігін айтатын болсақ, бұл жарыс кубоктық жүйе бойынша өтеді. Әр балуан өз салмағындағы қарсыласымен шығып, жеңілгені жарыстан шығып қалады. «Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турниріне 12 елден 60 балуан қатысады. Жарыс 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі және + 90 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар арасында өтеді.
2. «Eurasia Barysy» қашан және қай жерде өтеді?
«Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турнирі 22 қараша күні сағат 12.00-де Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.
3. «Eurasia Barysy» жарысына кімдер қатысады?
«Eurasia Barysy» халықаралық турниріне 12 елден 60 спортшы қатысады. Әр елдің атынан 5 салмақ дәрежесі бойынша бес балуан қатысады. Қазақстанның намысын Мұхит Тұрсынов, Абзал Арыстанбеков, Қайрат Ағыбаев, Айбек Нұғымаров және Дәулетхан Жақыпов сынды балуандар қорғайды. Турнирге Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Польша, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елінің намысын қорғау үшін ең үздік балуандар қатысады.
4. «Eurasia Barysy» турниріне билеттерді қайдан аламыз?
22 қарашада Тараз қаласында өтетін «Eurasia Barysy» халықаралық турнирінің билеттері сатылымға қойылды. Билеттердің құны: 3 000, 5 000, 7 000, 10 000, 15 000 теңге. Билеттерді Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайының кассасынан ала аласыз. Қосымша ақпарат қажет болса 8 (7262) 450 - 514, 8 701 100 43 44 телефондарына хабарласып, біле аласыздар.
5. «Eurasia Barysy» жарысын тікелей эфирден қайдан көре аламыз?
Жарысты тікелей эфирден «Қазақстан» мен «KazSport» арнасы, ресейлік «Боец» және түркиялық «TRT Avaz» арналары көрсетеді.
«Eurasia Barysy» халықаралық турнирі биыл екінші мәрте өтеді және былтырғы жарыс та тараз қаласында өтті. Қазақ күресінен Азия чемпионаты, Әлем чемпионаты, Әлем кубогы, «Әлем Барысы», «Мәскеу Барысы» және «Eurasia Barysy» сынды бірнеше халықаралық турнирлер дәстүрлі түрде жалғасын тауып отырады.
«Eurasia Barysy» турнирінің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды және алғаш сегіздікке кіргендерге төмендегідей көрсеткішпен беріледі:
Әзірлеген – Досжан Мейірбек.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев