Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өңірлік Ішкі саясат/Қоғамдық даму басқармаларының Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімдері мен өңірлік ҚХА Хатшылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Семинар-кеңеске ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин, комитеттің басқарма басшылары және өңірлік әкімдіктердің қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңес барысында жергілікті деңгейде этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мәселелері қарастырылды.
ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов өз сөзінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталып, өңірлік әкімдіктердің қызметкерлерімен еркін форматта сұхбаттасып, пікір алысты.
Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин қатысушыларға этносаралық саладағы жұмыстың негізгі құралдары мен тетіктерін баяндады, атап айтқанда, этносаралық интеграция, жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыру, этникалық және тілдік белгілері бойынша кемсітуге, этносаралық қақтығыстар мен инциденттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Осыған қоса, халық арасында жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндірме жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісіп, өңірлік әкімдіктердің аталған салада атқарылуы тиіс жаңа бағыттарды ұсынды.
Семинар-кеңес соңында өңірлік әкімдіктердің қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстары талқыланды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары