29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жаңа Қазақстан: тарихи сананы модернизациялау контекстіндегі Евразияның этностары мен мәдениеттері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Жиын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Гуманитарлық факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өтті.
Іс-шараға этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы ғалымдар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, мектеп мұғалімдері мен Республика музейлерінің қызметкерлері қатысты.
– Жаңа Қазақстанды құру үшін этносаралық келісім мен саяси тұрақтылық болуы керек. Елімізде патша заманнан бастап қоныс аударулар кезінде басқа ұлт өкілдері көбейді. Көп этносы бар Қазақстанның дамуы оңай болған жоқ. 30 жылдан астам тарихы бар тәуелсіз мемелекетімізде 140-тан астам этнос өкілдері өмір сүреді. Бұл жолда Ассамблеяның қызметі зор деп білемін ,– деді ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор Қанат Алексейұлы.
Жиында тарих, саясаттану, философия, этнология, этнография, археология, әдебиет және тағы да басқа салаларының өзекті мәселелерін зерттеудің кең ауқымын қамтыды. Сонымен бірге, этносаралық және ұлтаралық келісім мәселелеріне, Еуразия этностарының мәдени мұрасын сақтау, этноәлеуметтік, этнолингвистикалық және діни үдерістерге ерекше назар аударылады.
– Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болғандықтан осы ұйымның жұмысы туралы айтқым келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдан өз жұмысын атқарып келеді. Ұйымның мақсаты – халықтар арасындағы бірлікті, қоғамдық келісімді сақтау және нығайту. ҚХА негізінде өте көп бағыттар бар. Олар этномәдени бірлестіктер. ҚХА сессиялары негізінде көп жұмыстар жүргізілді. Бір жылдың ішінде көптеген іс шаралар жүргізілді. Ассамблеяның ең маңызды бағыты – қазақ тілі мен дәстүрлерін насихаттау. Бұл бағыт бойынша «Мың бала» жобасы жүзеге асып келеді. ҚХА мүшелері рефендумды қолдайды. Қазақстанымыздың жарқын болашағы үшін өз үлесін қосады,– деді «Нұр-Сұлтан қ. Өзбек этномәдени орталығы» БҰ төрағасы, доктор PhD, халықаралық медиатор-тренер, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Кеңесінің мүшесі Шерзод Пулатов.
Конференция қорытындысы бойынша «Жаңа Қазақстан: тарихи сананы модернизациялау контекстіндегі Евразияның этностары мен мәдениеттері» тақырыбындағы ғылыми еңбектердің электронды жинағы жарық көреді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек