Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкент қаласының маңында көп есекті «етін сату үшін бағып отыр» деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Видео авторы есектердің көптігіне таңғалып, оны не үшін бағып отырғанын анықтайды. Ол тіпті сойылған жануарлардың қалдығы жатқан жерді де көрсетеді.
Құрамында Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, Шымкент қаласы «Ветеринариялық станция» кәсіпорны және Тұран ауданының учаскелік полиция қызметкерлері бар арнайы комиссия бейнежазбада көрсетілген жерге барып, тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 106 есек пен 36 бас ұсақ мал ұстап отырған шаруа қожалығы анықталды.
Есектің етін сату фактісі анықталған жоқ. Шаруа қожалығы иесінің айтуынша, ол есекті Қытайға ет экспорттау мақсатында өсірген, – делінген Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарламасында.
Қалалық Полиция департаменті шаруа қожалығының иесіне Шымкент қаласының аумағын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес айыппұл салынды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары