Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыІшкі істер министрінің экс-орынбасары, сенатор Марат Қожаев аулада көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу жайлы нормаға пікір білдіріп, аталған жазаны алып тастауды қолдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенатор ескі көлік иелері жаңасын алғанша айыппұл төлеп жүре тұрсын деген пікірде.
Көлікті қыздыруға 5 минут толығымен жеткілікті. Жыл сайын көліктердің көліктердің техникалық сипататмасы өзгеріп жатыр. Заманауи көліктер арнайы push-start жүйесімен жабдықталған. Бұл дегеніміз – көлік тоқтаған кезде, мысалы бағдаршамда тежегішті бассаңыз, көлік қозғалтқышы сөнеді. Ал тежегішті жіберсеңіз, қозғалтқыш қайта іске қосылады. Бұл техникалық шешім не үшін қажет? Атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды азайту үшін жасалған,- деді Қожаев сенат кулуарсында.
Сенатор көлік жүріс кезінде керісінше жылдам қызатынын және ондай жағдайда ауаны ластау мөлшері де аз болатынын айтады. Марат Қожаев аталған норманы өзгертуді қолдамайтынын да ашып айтты.
Марат Қожаев журналситердің «Ескі көліктері бар жүргізушілер не істейді?» деп сұрағына былай деді:
Олар уақыт өте келе бұл көліктердің пайдалану мерзімі біткенде, техникалық талаптарға сай келетін жаңаларына ауысады. Ал ескі көліктер белгілі уақыттан кейін қолданыстан шығарылады. Оған дей егер ережелерді бұзатын болса айыппұл төлейді,- деді сенатор.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар