Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлеуметтік желі қолданушысының ақпараты бойынша есірткіні жарнамалаумен және насихаттаумен айналысқан Талдықорған тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Талдықорған блогері Сандуғаш Дүйсенова инстраграмдағы “angry_talduk” парақшасында жүргізуші-курьер ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды жариялады. Белгісіз жұмыс беруші курьер немесе жүргізуші ретінде әр шақырым үшін ақы төленетін “әлсіз есірткілерді” тасымалдау және жасырын қою жұмысын ұсынды.
Ақпарат бойынша полицейлер жедел іс-шараларға кірісті. Біраз уақыттан кейін “Бүркіт” арнайы бөлімшесінің жауынгерлерінің қатысуымен Талдықорған тұрғыны ұсталды. Күдікті курьерлер мен есірткі ұстаушыларды іріктеуді ұйымдастырды. Синтетикалық есірткілерді жарнамалаумен және насихаттаумен айналысқан. Ол қылмыстық әрекетін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тіркелмеген телефон SIM-карталары арқылы жүзеге асырған.
Олардың әрқайсысын тек бірнеше рет қолданып отырған. Күдікті тәулігіне орташа есеппен Қазақстанның барлық аумағы бойынша “курьерлерді”, “тасымалдаушыларды”, түрлі жұмысшыларды, “өлшеп-ораушыларды”, “буып-түюшілерді” жалдау туралы 30-дан 50-ге дейін хабарландыру таратып, күніне 10-ға дейін SIM-картаны іске қосып отырған.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов түсіндіргендей, ұсталған адамның үйін тінту барысында байланыс операторларының мыңға жуық SIM-картасы, үш телефон және компьютер процессоры алынды. Ол SIM-карталарын жақын маңдағы сауда орталықтарындағы ұялы байланыс бөлімшелерінен сатып алып отырғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 299-1-бабымен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) қылмыстықіс қозғалды.
Ол бойынша жаза мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта алынған процессорлар мен телефондар бойынша “компьютерлік технологияларды зерттеу” сараптамасы тағайындалды. Өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 2022 жылы ішкі істер органдары есірткіні заңсыз жарнамалау мен насихаттаудың 128 фактісін анықтады (ҚР ҚК 299-1-бабы). Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткіні өткізу бойынша 303 сотқа дейінгі іс жүргізу тіркелді (ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі).
ІІМ азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіреді және қосымша табыс табу туралы күдікті хабарландырулар табылған жағдайда ішкі істер органдарына хабарлауды сұрайды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?