23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бас прокуратура сот үкімін орындау мақсатында Ресей Федерациясынан сотталған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство мәліметінше, ол 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша Павлодар қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын сатқан. Оны 66 кг марихуана мен 8 кг гашишті одан әрі сату мақсатында тасымалдау барысында полиция қызметкерлері ұстаған. Алайда 2015 жылы ол сот үкімімен ақталды. Кейін прокурордың наразылығы бойынша ақтау үкімінің күші жойылып, оған 10 жарым жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.
Сол уақыт ішінде аталған адам қылмыстық жазадан құтылу мақсатында соттан бой тасалап, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланып, 6 жылдан астам уақыт жасырынған. Өткен жылдың желтоқсанында іздеудегі адам Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді жоғарыда аталған жазасын өтеуі керек,-делінген Бас прокуратура мәліметінде.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік