Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚостанай облысында есірткіні орманда жасырып, сатумен айналысқан күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысында полиция қызметкерлері Қостанай - Садовое тас жолының бірінші шақырымында орналасқан демалыс аймағының жанында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарының заңсыз айналымымен айналысқан 27 жастағы әйелді ұстады.
Қазіргі уақытта күдіктінің есірткіні орманда жасырғаны белгілі болды. Ұсталған әйелдің тұрақты жұмыс орны болмаған және есірткіге тәуелді екені анықталды. Жеке тінту барысында одан ақ жабысқақ таспамен оралған 14 бума есірткі тәркіленді. Сонымен қатар жалдамалы пәтерді тінту барысында 44 бума есірткі, бос zip-пакеттер, 4 жабысқақ таспа орамы және электрондық таразы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 33 граммды құрайтын мефедрон және "альфа PVP" синтетикалық препараттары екені анықталды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар