23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түркияда есірткінің заңсыз айналымы мен жезөкшелікке қатысты ауқымды тергеу аясында ұсталған танымал өнер иелерінің медициналық сараптама нәтижелері жарияланды. Олардың арасында «Ғажайып ғасыр» сериалының актрисалары Дениз Чакыр мен Бурджу Озберк те бар.
Haberturk басылымының хабарлауынша, 27 қарашада Түркияның Сот медицинасы институтында сынама тапсырған 21 адамның 16-сының сараптама нәтижесі белгілі болды.
Актрисалардың сынама нәтижесі теріс шықты
«Ғажайып ғасыр» сериалында Шах Сұлтанның рөлін сомдаған Дениз Чакыр мен Хуриджихан Сұлтанның рөлін ойнаған Бурджу Озберктің ағзасынан есірткі заттары анықталмаған.
Сондай-ақ «Стамбұлдық қалыңдық» сериалының жұлдызы, әнші әрі актер Озджан Дениздің де сынама нәтижесі теріс шыққан.
Жалпы, 12 адамның сараптама нәтижесі теріс болса, үш адамның нәтижесі оң болған. Олар – Дениз Сезен, Уфук Гюндогду және режиссер Мехмет Джем Карджы. Ал модель әрі актриса Джансу Ташкынның сынамасынан кодеин анықталған.
Дениз Чакыр қандай мәлімдеме жасады?
Тергеу барысында Дениз Чакыр есірткі қолданбағанын және дәрі-дәрмекті тек дәрігердің тағайындауымен қабылдайтынын мәлімдеген.
«Менің дәрігердің рецепті бойынша қабылдайтын дәрілерім бар. Бұдан бөлек, ешқашан есірткі қолданған емеспін. Есірткі сататын адамдарды да танымаймын», – деген актриса.
Сонымен қатар ол ұялы телефонында eSIM қолданатындықтан, SIM-картасының PIN-коды жоқ екенін түсіндірген.
Танымал актерлер бостандыққа шықты
Түркия соты Дениз Чакыр, Бурджу Озберк және Озджан Денизді қоса алғанда, тоғыз адамды сот бақылауымен босату туралы шешім қабылдаған. Оларға ел аумағынан шығуға тыйым салынған.
Ал әнші Джейлан Кая қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген күдікпен қамауға алынған.
Түркиядағы ауқымды тергеу
Стамбұл прокуратурасы жүргізіп жатқан тергеудің кезекті кезеңі аясында 25 қарашада 35 адамды ұстауға ордер берілген.
Тергеу барысында куәгерлер мен күдіктілердің жауаптары, құпия ақпарат берушілердің мәліметтері, сондай-ақ тәркіленген ұялы телефондар мен басқа да цифрлық құрылғылардағы ақпарат зерттелген.
Түркияның шоу-бизнес өкілдеріне қатысты ауқымды операциялар 2025 жылдың 8 қазанында басталған. Содан бері құқық қорғау органдарының назарына Берен Саат, Ханде Эрчел, Афра Сарачоглу, Серенай Сарыкая, Арас Булут Ийнемли және басқа да танымал өнер иелері іліккен.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік