Есірткіге қатысты дау: Түркияда «Ғаламат ғасыр» телехикаясының жұлдызы ұсталды

Есірткіге қатысты дау: Түркияда «Ғаламат ғасыр» телехикаясының жұлдызы ұсталды

Мадина Асылбекова
Фото: AI көмегімен өңделді

Түркияда сәрсенбіге қараған түні есірткіге қарсы кезекті операция барысында бірқатар танымал тұлға ұсталды.

Олардың қатарында «Ғаламат ғасыр» телехикаясында Шах-сұлтанның рөлін сомдаған актриса Дениз Чакыр да бар. Бұл туралы Yeni Şafak басылымы хабарлады.

Газет мәліметінше, Ыстамбұл прокуратурасы жезөкшелік пен есірткіге байланысты қылмыстарды тергеп жатыр. Осы тергеу аясында полиция ауқымды операция жүргізген.

Ыстамбұл прокуратурасының жезөкшелік пен есірткіге қатысты қылмыстарды тергеуі аясында полиция кезекті ауқымды операция өткізіп жатыр. Актриса Дениз Чакыр, әнші Өзджан Дениз, промоутер Эрдал Бозкуш және режиссер Джем Карджы ұсталды, – деп жазды басылым.

Ақпаратқа сәйкес, 35 адамды ұстауға ордер берілген.

44 жастағы Дениз Чакыр «Ғаламат ғасыр» телехикаясында Шах-сұлтанның бейнесін сомдаған.

Әдетте мұндай операциялар барысында ұсталған танымал тұлғалар есірткіге тест тапсырады. Егер сараптама нәтижесі оң болса, бұлтартпау шарасын қолдану-қолданбау мәселесін сот шешеді.

Ұсталғандардың аты-жөні жарияланды

Операция барысында ұсталған 23 адамның аты-жөні белгілі болды. Олар: Дениз Сёзен, Мехмет Джан Карджы, Мурат Джейлан, Дениз Чакыр Байкал, Пынар Бент, Джейлан Кая, Ышыл Ышык Демир, Ибрахим Иззет Озильхан, Бурхан Караджа, Джем Гюлер, Эрдал Бозкуш, Ибрахим Йылмаз, Өзджан Дениз, Сагар Шоджаи, Илькнур Шахин, Бурджу Озберк, Мелтем Озкаядан, Сехер Гроте Севдишан, Мурат Башоглу, Уфук Гюндогду, Онур Юксель, Джансу Ташкын және Муаммер Капуджуоглу.

Тергеу барысында жасырын куәгердің жауабы мен цифрлық материалдар зерттелген

Прокуратура мәлімдеуінше, жезөкшелік, есірткі немесе психотроптық заттарды сату, сатып алу, сақтау және қолдануға қатысты қылмыстар бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктілердің түсініктемелері, куәгерлердің жауаптары, ұялы телефондар мен цифрлық материалдарға жасалған сараптамалар, сондай-ақ құпия куәгерлердің сөздері зерделенген.

Осы материалдарды бағалау нәтижесінде есірткі заттарын қолданды немесе сақтады деген күдікпен 35 адамды ұстау туралы шешім қабылданған.

Танымал тұлғаларды қандай рәсімдер күтіп тұр?

Есірткіге қарсы операция кезінде ұсталған күдіктілер алдымен медициналық тексеруден өтеді. Одан кейін есірткіге сараптама жасау үшін Сот-медициналық сараптама институтына жеткізіледі.

Прокуратурада жауап бергеннен кейін олардың ісіне қатысты шешім қабылданады. Күдіктілер босатылуы немесе сотқа жіберілуі мүмкін.

Түркияда 2025 жылдың қазан айынан бастап есірткіге қарсы тұрақты рейдтер жүргізіліп келеді. Операциялар барысында танымал актерлер мен әлеуметтік желі жұлдыздары да ұсталған.

Сәуір айында Ыстамбұлдың бас прокуроры Фатих Денмез есірткіге тексерілген түрік танымал тұлғаларының 77 пайызының сараптама нәтижесі оң болғанын мәлімдеген.

11 маусымда Ыстамбұлда өткен тағы бір рейд барысында 20-дан астам адам ұсталған. Олардың арасында да «Ғаламат ғасыр» телехикаясында ойнаған Берен Саат пен 1999 жылы «Түркия аруы» атанған Айше Хатун Онал болған. Сонымен қатар «Тағдырға сен» («Зимородок») және «Клюквенный щербет» сериалдары арқылы танылған актриса Алейна Бозок та бар. 

Есірткіге тест тапсыру үшін 22 танымал тұлға ұсталды. Тағы үш адам іздеуде, – делінген Milliyet басылымы жариялаған мақалада.

Полиция назар аударғандар қатарында әнші Кенан Доулу мен оның композитор ағасы Озан да болған. Озан кезінде Тарканмен бірге жұмыс істеген.

2025 жылдың қазан айынан бері Түркияда осындай рейдтер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жандармерия танымал актерлерді, музыканттарды және белгілі кәсіпкерлерді де ұстаған.

Есірткі қолданды деген күдікке бизнесмендер Хакан мен Керим Сабанджи, «Галатасарай» футбол клубының бұрынғы президенті Бурак Эльмас, сондай-ақ «Есігімді қақшы» («Постучись в мою дверь») телехикаясының жұлдызы Ханде Эрчел де іліккен.

Сол кезде Лондонда білім алып жүрген Ханде Эрчел әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, оқуына байланысты шетелде жүргенін айтты. Актриса өзі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан білгенін де жеткізді.

Актриса Түркияға, мемлекетіне және түрік әділдігіне сенетінін атап өтті.

Бір ай шамасында шетелде білім алып жүрмін. Сіздер сияқты мен де жағдайды күні кеше білдім. Сол үшін елге оралып, тергеуге түсініктеме беріп, мәлімдеме жасаймын. Елін сүйетін, мемлекетіне, түрік әділдігіне сенетіндердің бірімін. Жағдай жақын арада шешіліп, әділет орнайтынына сенемін, – деді ол.

Оқи отырыңыз

{