29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркістан облысында тұрғынның ауласынан 30 түп сора есірткі өсімдігі табылды, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz- ке сілтеме жасап.
«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын өсірді деген күдікпен аудан тұрғынын құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полицейлерге есірткі қылмысы бойынша шұғыл ақпарат түскен. Осының негізінде тәртіп сақшылары бірден іске кірісті.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша СДТБТ-ға енгізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тексеру кезінде ауласынан 26 түп, ауланың сыртында ағаштармен қоршалған жерден төрт түп есірткіге ұқсас өсімдік тауып, тәркілеп алды. Айғақты зат ретінде алынған заттарға сараптама тағайындалды.
Нәтижесінде, оның сора есірткісі екені расталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек