6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерІшкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілістің жалпы отырысында есірткі жасырушыларды жауапкершіліктен босату мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, қоғамда есірткі «жасырушыларды» (закладчик) жазалаудың тым қатаңдығы туралы мәселе көтеріліп жатыр. Бұл жастар мен жасөспірімдерді осы салаға белсенді тартумен байланысты.
Егер қылмыс бірінші рет жасалса, сондай-ақ кінәлі тергеу органдарымен белсенді ынтымақтастықта болса, есірткі өткізушілерді жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылады. Мүмкіндікті пайдалана отырып Мәжіліс депутаттарын осы түзетулерді қолданыстағы заң жобасы аясында қарастыруды сұраймын, - деді министр Ержан Саденов.
Ол бүгінде 6 кәмелетке толмаған бала сотталғанын және 26 жасөспірім жауапкершілікке тартылғанын айтты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі