23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты есірткі заттарын таратқан интернет-ресурстардың жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Telegram» мессенджері мен «Instagram» әлеуметтік желісіндегі бірқатар парақша арқылы есірткіні SMS арқылы сатып алуға болатын сайттарға сілтемелер таратылған.
Сатып алу нұсқаулары бар интернет-ресурстарда олардың сипаттамалары, артықшылықтары, кемшіліктері, қасиеті сипатталған. Сонымен қатар, есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын республика аумағында тұтынушыларға тарату мүмкіндігін ұсынған. Бұл сатушы мен сатып алушының физикалық байланысынсыз есірткіні жасырын және заңды түрде сату болып саналады, - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Сот уәкілетті органның талап қоюы бойынша аталған интернет-ресурстарда ақпарат тарату заңсыз деп танып, олардың жұмысын тоқтатты. Сот шешімі заңды күшіне енді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік