23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіІшкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді, соның ішінде кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тартуға жол бермеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, полиция жыл басынан бері есірткі қылмыстарына қатысы бар 49 кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады. Тек тамыз айында ғана жасөспірімдердің ұсталуына байланысты 6 дерек тіркелді, оның ішінде біреуі – есірткі қолданғаны үшін.
Мәселен, Абай облысында 16 жастағы колледж студенті мен оның 15 жастағы танысы – мектеп оқушысы ұсталды. Жеке тінту барысында кәмелетке толмаған қыздан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Белгілі болғандай, студент есірткіні жасырын қойып кетуші болып жұмыс істеген. Ұсталған сәтінде ол есірткіні мектеп оқушысының сөмкесіне тығып, таратуды көздеген. Шымкент қаласында да әртүрлі уақытта 17 жастағы екі жасөспірім ұсталды. Олар да жасырын қойып кетуші ретінде есірткі таратуға қатысқан, - делінген мәліметте.
Мұндай жағдайлар үлкен алаңдаушылық туғызады. Осыған байланысты ІІМ ата-аналарға, педагогтарға және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге жауапты тұлғаларға үндеу жасайды: жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге мән беріңіздер; олар кіммен араласатынын және уақытты қайда өткізетінін бақылаңыздар; телефондарын, мессенджерлерін күмәнді хат-хабарлар бар-жоғына тексеріп отырыңыздар; балалармен есірткі қолданудың қауіптері мен салдары туралы жиі сөйлесіңіздер.
Еске саламыз: есірткі тарату үшін заңнамада 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ішкі істер министрлігі өскелең ұрпақты қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысын жалғастыра береді, - деп қосты ведомство.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады