2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ мүшесі 16 жылға сотталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
«Есірткі заттарының заңсыз айналымымен және оларды сатумен айналысқан қылмыстық топты жою бойынша арнайы операция кезінде ұсталған айыпталушы 16 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу туралы үкім шығарылды.
Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан аумағында есірткі жеткізуші және таратушы топтың әрекетіне тосқауыл қою мақсатында арнайы операция жүргізген болатын.
Олар үй жануарларына арналған азық-түлікке оралған халықаралық сәлемдемені алу кезінде ұсталды. Тәркіленген есірткі – жалпы салмағы 7 келіден астам марихуана мен мефедрон. Сот шешімімен тәркіленген есірткі заттары жойылды», - делінген ресми хабарламада.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс