23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Көкшетауда аса ірі көлемде гашиш саудалаған наркодилер 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды EL.KZ.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының 50 жастағы тумасының қылмыстық әрекеті биылғы сәуір айында Көкшетау қаласында әшкере болған.
Көкшетау қалалық сотының шешімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгеніндей Көкшетау қаласында тұратын 50 жастағы ер адам пайда табу мақсатында есірткі заты «гашиштің» 2 пакетін заңсыз сақтап, кейін сатқан. Оны полиция өз үйінің ауласында есірткі затын сату кезінде қолға түсірді. Бұлтартпас дәлелдемелерден кейін ер адам қылмысын толық мойындады және орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен алты жылға бас бостандығынан айырылды, - деді ведомстводан.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік