Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКөкшетауда байланыссыз тәсілмен есірткі сатқан актер қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен «аlfa-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленді.
Қылмыстық әрекеттің дәлелдерін тереңдете зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды. Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, дер кезінде тосқауыл қойылды. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.
Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі