Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты2024 жылы ішкі істер органдары «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасын үш рет өткізіп, есірткі заттарының заңды айналымы саласында 38 қылмыстық және 633 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, оның ішінде заңсыз фармацевтикалық қызметтің 46 дерегі, дәрілік заттардың айналымы мен ережелердің бұзылуының 260 дерегі анықталды. 500-ден астам лауазымды тұлға, оның ішінде 226 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түркістан облысында 48 жастағы жүргізуші ұсталды, оның көлігінен полиэтилен пакеттері мен қораптар табылды. Тексеру кезінде дәріханадан жалған рецепт бойынша алынған 2500-ге жуық «трамадол» таблеткасы тәркіленді. Аталған препарат опиоидты топтағы есірткі заттарына жатады және арнайы тізімге енгізілген.
Ішкі істер министрлігі дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына және қызметкерлеріне медицинада пайдаланылатын есірткі және психотроптық заттардың айналымын реттейтін заңнаманы қатаң сақтауға шақырады. Бұл саладағы құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске саламыз, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды