Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Есірткі өнімдерін саудалаған 31 жастағы алматылық қолға түсті, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен Әуезов аудандық полиция басқармасының кызметкерлері бірлесе отырып есірткі саудагерін қолға түсірді.
– ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен, яғни есірткі заттарын заңсыз сатып жүрген 1992 жылы туылған Б. есімді азамат құрықталды. Рұқсат етілген тінту барысында күдіктіден есірткі тектес заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде оның кептірілген марихуана екендігі анықталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабы (Ұстап алу негіздері) бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,- деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді