Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыІшкі істер вице-министрі Айдос Рысбаев елімізде есірткімен байланысты қылмыстар бойынша 4 мыңнан астам адам түрмеде отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде есірткі қойып кетуші, өндіруші сияқты адамдар жазаға тартылады. Егер біз заңды күшейтетін болсақ, онда 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Егер адам қылмыс жасайтын болса, сот оны қамауда алу туралы шешім шығарса, біз қамауға алатын боламыз. Қазіргі таңда түрмеде отырғандардың жалпы саны – 36 мыңнан астам адам. Олардың 4 мыңнан астамы есірткімен байланысты қылмыстар үшін отыр. Біз есірткі зертханасын жасайтындар үшін жауапкершілікті арттырдық, - дейді вице-министр.
Айта кетейік, Мәжіліс бірінші оқылымда есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.
Заң жобасында есірткіні заңсыз өндіру есірткі қылмыстарының аса қауіпті түріне теңестіріледі. Ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына дейін әкеп соқтыруы мүмкін.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары