6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТанымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесінің айтуынша, таныс режиссері дүниеге қыз әкелген.
Бүгін таңмен таласып, мына жарық дүниеге тәп-тәтті қыз келді. Естеріңізде болса, мен Атырауда жүргенде Гүлназдың ай-күні жақындап қалған еді. Сол кезде Астанаға келіп босанатынын айтып, маған доула болуыма қолқа салған. Сәресіде перзентханадан "басталды, жет!" деген қоңырау түсті. Арпалысып, ырым-тыйымдарын жасап, сүрелерімізді оқып, дәрігердің айтқанын жартылай болса да орындауға тырысып жүріп босандырып алдық, – деп жазды ол.
Айтуынша, үшінші рет кіндік шеше атанған.
Бұл менің үшінші кіндік балам. 8 жастағы Санжар, 5 айлық Әмірхан деген ұлдарымнан кейінгі осы үшінші қызым болды. Айтпақшы, есім таңдап жатырмыз. Өзім босанған төрт бала, босандырып алған үш баланы қосқанда доула мамандығынан біраз тәжірибе жинақтап алдым. Енді қырық күн күтініп, ана мен балаға денсаулық тілеп отырамыз. Жаны қалды, – деп жазған актриса.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі