12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқмола облысында Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сәуірдің 21-де сағат 16:30 шамасында Целиноград аудандық полиция бөліміне Есіл өзені бойындағы көпірдің астынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келген.
Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қайтыс болған адамның Жаңаесіл ауылының 52 жастағы тұрғыны екенін анықтады.
Сонымен қатар, мәйітте пышақ жарақаттары бар екені белгілі болды. Адам өліміне күдікті ретінде 49 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер