6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық танымал әнші Бүркіт өзінің Instagram-дағы парақшасында анасының келінін мақтап, ешқандай да қазақ қызға айырбастамайтынын айтқан видеосын салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақын Айша Көпжасарова келіні Аишаның тәрбиесіне, жайдары мінезіне ризашылығын жеткізді:
Келініме рахмет айтамын. Осы келінді тапқан Айбегіме рахмет айтамын. Мінезі жақсы, өте жайдары, ешқандай келінге, ешқандай қазақтың келініне айырбастамаймын. Өте жақсы адам.
Оқи отырыңыз:
Сонымен қатар әншінің анасы келіні жақсы болғандықтан да мақтайтынын, сол үшін де Аллаға шүкіршілік ететінін жеткізді.
Бір-біріңді тапқан екенсіңдер. Қара домалақ балаларды өмірге әкелді. Ата-анасынан аумай қалған. Мақтанып кетті демеңіздер. Мен жақсы болған соң айтып отырмын. Жаман болса, төмен қарап, ұялып отырар едім. Қазір мен қуанып отырмын. Алла Тағалаға риза болып отырмын, - деді ол.
Аиша (шын есімі – Жансейітова Виктория Игоревна) – қазақстандық әнші, актриса әрі блогер.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі