Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚытайдың Франциядағы елшісі Лу Шае LCI телеарнасына берген сұхбатында бұрынғы КСРО елдерінің халықаралық құқықта ешқандай мәртебесі жоқ екенін айтып айды аспанға бір-ақ шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елші «КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттердің ешқандай мәртебесі жоқ. Себебі олардың егемендігін айқындайтын және нақты форма беретін халықаралық келісім жоқ» деп мәлімдеді.
Бұдан қалды ол Қырымға қатысты да пікір білдірді. Тілші бұл аумақ қай елге тиесілі екенін сұрағанда:
Қырым бастапқыда Ресейдікі болды, сонан соң Хрущев оны Украинаға сыйлады, - деді Лу Шае.
Одан қалды ол АҚШ-тың Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға мүдделі еместігін айтты.
Дипломаттың бұл сөзін сынға алған Франция, Украина мен Балтық жағалауының елдері Қытай үкіметінен түсініктеме беруді талап етті.
Ал Қытай Сыртқы істер министрлігі Бейжіңнің КСРО құрамында болған барлық елдің тәуелсіздігін құрметтейтінін мәлімдеді.
Қытай КСРО құрамына енген барлық елдің тәуелсіздігіне құрметпен қарайды, - деді КХДР СІМ ресми өкілі Мао Нин.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары