Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАбай облысының Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында болған жол апатына байланысты соңғы мәліметтер жарияланды. Үйінің ауласында ойнап жүрген балаларды көлік қағып, үш бала қаза тапты, тағы үшеуі ауыр жарақат алған еді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ауыр жараланған балалардың бірі облыстық балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер қызға бірнеше рет күрделі операция жасады, бірақ жағдайы әлі де өте ауыр деп бағалануда. Санавиация арқылы елордаға жеткізілген тағы екі бала реанимация бөлімінде.
Полиция көлік тізгінін басқара алмай қалған 55 жастағы жүргізушіні қамауға алды. Ол тергеу аяқталғанша екі ай қамауда болады. Оқиғаға байланысты жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлы мән-жайды айтты.
Көлікте келе жатқанда жүрек талмасы ұстаған. Сол кезде рульге ие бола алмай қалған. Жанында анам отырған. Оқыс жағдай әрі өте қайғылы жағай. Бәрі қас-қағым сәтте болған. Қаза тапқан балалардың жақындарынан кешірім сұраймын. Бәріне көңіл айттық. Бұндай сынақты ешкімнің басына бермесін, – деді ол «Информбюро» тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысының Үржар ауданында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көліктік авиация ұшағының бортында медициналық бригада ұшқан болатын.
Команданың құрамында-нейрохирург, травматолог және реаниматолог бар. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ерекше бақылауда ұстауда. Балаларға медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде, еліміздің үздік мамандары тартылған, - деп қосты министрлік.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?