Қазақстанда жоғары оқу орындарына қабылдау жүйесі алдағы жылдары елеулі өзгерістерге ұшырамақ. Дегенмен, биылғы талапкерлер үшін ешқандай түбегейлі жаңалық жоқ — Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) бұрынғы ереже мен кесте бойынша өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ақорда кулуарында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2026 жылғы тестілеу науқаны толықтай бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бұған дейін екі сынақ тесті өтіп қойған, енді негізгі кезең басталып, кезең-кезеңімен жалғасады.
Биыл ешқандай өзгеріс болмайды, бәрі алдын ала жарияланған кесте бойынша өтеді. Екі сынақ тесті өтті. Қазір бірінші негізгі ҰБТ басталады және әрі қарай жалғасады, – деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ ол талапкерлерге алаңдамауға кеңес берді:
Биыл ешкім алаңдамасын. ҰБТ қалыптасқан процедурамен өтеді. Біз жоспар бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Қоғамда «сынақ тесттері жойылады» деген алаңдаушылық болған. Алайда министр бұл форматтың сақталатынын нақты айтты. Оның пікірінше, сынақ тесттері талапкерлер үшін өте маңызды құрал болып қала береді.
Сынақ тесті келесі жылы да сақталады. Өйткені қоғамда оны алып тастап, тек бір ғана ҰБТ қалады деген алаңдаушылық болды. Сондықтан бұл формат жойылмайды.
Сынақ тесттері талапкерлерге:
Жаңа кезең: AIT тесті
Ең маңызды жаңалық – келесі жылдан бастап жаңа форматтағы емтихан енгізіледі. Ол Admission Insight Test (AIT) деп аталады және алғашында пилоттық режимде іске қосылады.
Бұл тестті әлемдегі жетекші тестологиялық ұйымдардың бірі – ETS әзірлеп жатыр. Аталған ұйым SAT, ACT және GRE сияқты халықаралық емтихандарды жасаумен танымал.
Қазір ETS компаниясымен бірлесіп жаңа тест әзірлеп жатырмыз. Ол пилоттық режимде келесі жылы қосылады, – деді Саясат Нұрбек.
AIT – халықаралық деңгейдегі мүмкіндік
Жаңа тесттің басты ерекшелігі – оның халықаралық деңгейде мойындалуы. Министрдің айтуынша, AIT нәтижелерін:
Бұл тест халықаралық деңгейде болады. Оны шетелдік университеттер де қабылдайды. Біз SAT, ACT, GRE деңгейіндегі тест жасап жатырмыз, – деді министр.
Бұл жаңашылдық қазақстандық талапкерлер үшін үлкен мүмкіндік ашады. Енді олар бір ғана тест арқылы шетелдік университеттерге түсуге жол таба алады.
Маңызды жайт – AIT ҰБТ-ны толық алмастырмайды. Ол тек қосымша, балама формат ретінде ұсынылады.
Яғни талапкерлер:
Сонымен қатар негізгі ҰБТ форматына да өзгеріс енгізіледі:
ҰБТ-ны жылына екі рет емес, бір рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Бірақ талапкерлер сынақ тестін тапсыра алады, – деді министр.
Жалпы алғанда, Қазақстанда жоғары білімге түсу жүйесі біртіндеп халықаралық стандарттарға бейімделіп келеді. ҰБТ өзінің негізгі рөлін сақтай отырып, жаңа форматтармен толықтырылмақ.
AIT енгізілуі:
Ал биылғы түлектер үшін басты хабар өзгермейді.