Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҰлттық құрама палуаны Ержет Жарлықасын Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Ержет финалда (63 кг) XIX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Айата Сузукиді (25 жаста, Жапония) ұтты. Белдесу 6-6 есебімен аяқталған. Ұпай сапасы жағынан қазақ атлеті басым болды.
Күндізгі сессияда отандасымыз жартылай финалда Солтүстік Корея палуаны Чан Кимнің осал тұсын тапқан. Есеп: 5-3. Ширек финалда Сауд Арабия спортшысы Хавсавидің жауырынын жерге тигізген. Оның алдында қазақ атлеті алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілін 6:4 есебімен тізе бүктірген.
Бұл Ержет Жарлықасынның ересектер арасындағы алғашқы жарысы әрі алғашқы халықаралық жарыстағы жүлдесі.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар