Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыІІМ-де «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі төралқасының отырысы өтті. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жиында спорттық қоғамдастық мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Ішкі істер министрі Ержан Саденов қоғамдық бірлестіктің төрағасы болып сайланды.
Ержан Саденов өңірлердегі полиция департаменттерінің бастықтарына «Динамо» филиалдарымен бірлесіп, бұқаралық спортты дамытуға белсенді қатысуды тапсырды.
Спорттық ұйымның мақсаты спортта жетістікке жету ғана емес, сонымен қатар балалар қылмысының алдын алу болып табылады. Спорт – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудағы негізгі құралдардың бірі. Балалар мен жасөспірімдерге арналған секцияларды көбейту қажет. Өскелең ұрпаққа көңіл бөлу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Олардың спортқа деген қызығушылығын оятып, өз қамқорлығымызға алу арқылы балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береміз, – деп атап өтті министр.
«Динамо» ұйымында 102 еңбек сіңірген спорт шебері, 253 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 574 Қазақстан Республикасының спорт шебері дайындалды.
Еліміздегі ұлттық құрама мүшелерінің 80%-ын осы спорт қоғамының өкілдері құрайды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары