Ертуған Зейнуллинов: Олимпиадаға кім барса да, ел намысын қолдан бермеу керек

1 Сәуір, 14:43 640

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Ертуған Зейнуллинов 63,5 келі салмақта өтетін спаррингтік кездесулер туралы пікірін бөлісті. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зейнуллинов 63,5 келіде жазғы Азия ойындарына қатысып, ширек финалда жеңілген еді. Алайда соңғы ел Спартакиадасына қатысқан жоқ. 

Азия ойындарынан кейін мұрнымның сынуына байланысты Қазақстан Спартакиадасынан сырт қалдым. Италиядағы лицензиялық жарысқа Мұхаммедсабыр Базарбайұлы барды. Өкінішке қарай, жеңіліп қалды. Мен ешкімге де жамандық тілемеймін. Олимпиадаға кім барса да, еліміздің абыройын қолдан бермесін деген пікірдемін.

Ал спаррингтік турнирге келер болсам, бұл бәсеке бәріміз үшін де жақсы мүмкіндік. Жанкүйерлер үшін де, боксшылар үшін әділетті шешім болары сөзсіз. Негізі, әйтеуір бір спаррингтің өтетінін білгем. Бірақ дәл осындай форматта болады деп күтпедім. Қазір жаттығу жоспарын өзгертіп, тынбай дайындалудамыз.

Қарсыластарға тоқталсам, Мұхаммедсабыр Базарбайұлымен ғана жұдырықтастым. 2022 жылы Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жол бердім. Басқа боксшылармен бұрын-соңды рингте кездесіп көрмегем, - деді Ертуған. 

Айта кетелік, 63,5 келідегі спаррингтік турнир 8-11 сәуір аралығына жоспарланған. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: