6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАбай облысы Жаңасемей ауданына қарасты Шаған ауылының маңындағы Ертіс өзеніне 128 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Аталған шара облыстық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктегілер бұл акция Ертістегі бағалы балық түрі – сібір бекіресінің популяциясын қалпына келтіруге бағытталғанын, бұндай іс-шаралар аймақтағы биологиялық әртүрлілікті сақтауға ықпал ететінін атап өтті.
Айта кетсек, қыркүйек айында Жаңасемей ауданындағы Шүлбі су қоймасына да 83 мың сазан жіберілген. Сонымен қатар «Oilfish» ЖШС және «БШ ҒЗИ» ЖШС-нің бастамасымен қыркүйек айында Крупская ауылында жергілікті су қоймаларын бекіре тұқымдас балықтармен қорландыру акциясы өтті. Осы акция барысында Ертіске орташа салмағы 12 грамм болатын бекіре тұқымдас балықтар жіберілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі