Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек23 қараша күні, Астана уақытымен сағат 12:55-те республика бойынша халықты құлақтандыру сиреналары іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, ел бойынша бір мезгілде құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі. Ол үшін электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылып, телевидение және радиоға қосылу жүргізіледі.
Іс-шара «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізілгелі отыр.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар сол мезетте әрекет ету туралы мәліметтер мен нұсқаулар алу үшін қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (телеарналар, радиолар, интернет сайттар, әлеуметтік желілер, мобильдік құрылғыларға арналған қосымшалар және тағы басқасы) дереу қосуы керек, - делінген ақпаратта.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?