12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбековтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа орынбасар тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес әкімнің орынбасары болып 45 жастағы Ерсін Өтебаев тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқи отырыңыз:
Ерсін Өтебаевтың мемлекеттік қызметтегі өтілі 11 жылдан асады. Мамандығы – инженер-құрылысшы, құқықтану. 2012 жылдан бастап «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (Талдықорған қаласы) маманы, 2012 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы 15 ақпанға дейін – облыс әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ (Талдықорған қаласы) маманы болып жұмыс істеді.
Соңғы 8 жыл ішінде «Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ, «Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Ерсін Өтебаевтың алдына қаланы дамыту жөнінде бірқатар міндет қойды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер