Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТанымал әнші Ернар Айдар желідегі парақшасында марқұм әкесін еске алып, жантебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаным әке... Барлық жұмысымды әкеммен ақылдасатынмын, себебі әкем жан-жақты турасын айтатын. Әкеммен ақылдасу, маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кешімнің алдында, үйде әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін. Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлейтін сөздерімнің артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді. "Ерошым балам, көзіңе қара, асып-тасыма, тәкәппарланба, сахнада жақсылап, жарқырап өнер көрсет" дейтін. Әке, маған осы сөздерді енді кім айтады? Кіммен сырласам, кіммен ақылдасам, кімге еркелеймін, кімге бала болып мақтанам, кімге? Қапыда ерте кеттіңіз-ау. Әкешім, сағындым сізді. Алланың бұйрығын қабылдайды екенсің, көнеді екенсің, бірақ өте қиын екен.., - деп сағыншын жеткізді Ернар Айдар Instagram желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ эстрада жұлдызы әсерлі жазбасында марқұм әкесіне өлең жолдарын да арнап, анасының, жақындарының, барша халықтың амандығын тілеген.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды