13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу барысын байқау үшін елімізге келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары тобымен кездесті, деп хабарлайды El.kz СІМ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Е.Қоныспаев ашық және әділетті сайлау өткізу Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуы үшін түбегейлі мәнге ие екенін ерекше атап өтті.
Қазақстан сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша өзінің халықаралық міндеттемелеріне берік екені, сондай-ақ халықаралық әріптестермен осы бағытта ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екені аталып өтілді. Осыған байланысты халықаралық байқаушылар тетігін кеңінен іске қосуға маңызды мән беріледі.
ТМД ПАА байқаушылары алдағы сайлауға дайындық барысын жоғары бағалай отырып, елімізде ашық және кедергісіз халықаралық байқау үшін тиісті шаралар қабылданғанын атап өтті.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды