7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Опера әншісі Ермек Серкебаев пен көрнекті кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ердан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясында Қазақстан тарапынан берілген бірнеше ұсыныс қолдау тапты. Әйгілі опера әншісі Ермек Серкебаев пен көрнекті кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойлары 2026-2027 жылдары халықаралық ұйым аясында аталып өтілетін атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді. Бұл – ұлттық әрі әлемдік мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан қазақстандық қайраткерлердің халықаралық деңгейде лайықты мойындалуының бір белгісі, - делінген мәліметте.
ЮНЕСКО-ның Атаулы күндер күнтізбесі – ұйым тарапынан қолдау тапқан және халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын атаулы күндер мен мерейтойлардың, маңызды оқиғалардың ресми тізімі.
ЮНЕСКО Хатшылығының мәліметінше, ұйым 1956 жылдан бері 1 234 атаулы күнді мерекелеуге атсалысқан. Соның 31-і Қазақстанның ұсынысы бойынша енгізілген. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының 150 жылдық, Шымкент қаласының 2200 жылдық, Алматы қаласының 1000 жылдық, Мұхтар Әуезовтің, Қаныш Сәтбаевтың, Сәбит Мұқановтың 100 жылдық мерейтойлары және басқа да атаулы күндер ЮНЕСКО қолдауымен халықаралық деңгейде тойланды. Осы жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде әйгілі композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?