23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Рашидұлы Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Бұл Қазақстан спорт қауымдастығы үшін орны толмас қаза. Ерден Рашидұлы спортты дамытуға және жас спортшыларды тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосты. Марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын, - деді Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына барған Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған.
Ерден Рашидұлы Алматы қалалық спорт басқармасын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік