Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Президентке Ақмола облысының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берілді.
Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңір экономикасының бірқатар саласында өсім қарқыны байқалады. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион тенгеден асады. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі шамамен 1,4 триллион тенгені құрады. Негізгі капиталға құйылатын инвестиция өсімі сақталып отыр. Экономиканың барлық саласында 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, соның ішінде 16 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар Президентке жылыту маусымының барысы, Көкшетау қаласындағы жылу электр орталығының құрылысы, бірқатар инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылуы, елорда маңындағы аймақтардың дамуы, сондай-ақ туризм саласын ілгерілету жұмыстары туралы баяндалды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін одан әрі жақсарту және өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары