23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Жоғары деңгейдегі қарым-қатынастар мен белсенді екіжақты байланыстарды қолдауға, сондай-ақ сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара ниет аталып өтті.
Министр Қазақ-британ стратегиялық диалогы мен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтуға, экология, энергетика, су ресурстары, білім және өзге де басым бағыттардағы серіктестік бастамаларын ілгерілетудегі тиімді жұмысын жоғары бағалады.
Өз кезегінде Елші Лондонның Астанамен екіжақты, өңірлік және халықаралық деңгейлердегі диалогты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады. Кездесу соңында тараптар министрліктер мен мекемелер арасындағы, сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік