30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖетісу өңірінде заң мен елге қызмет етуді өмірлік мұрат еткен бір отбасы тұрады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл – тәртіп сақшыларының шынайы әулеті, мұнда Отанға адал қызмет ету тек мамандық қана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қасиетті борыш.
Отбасы тірегі, полиция капитаны Ахметов Ержан Боранбайұлы қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қорғай отырып, тәртіп пен тыныштықты сақтап, қауіп-қатерден тайсалмай, өмірін сарп етті. Ержүрек офицердің ерлігі оны білген әріптестер мен замандастарының жүрегінде мәңгі сақталып қалды.
Капитан Ахметовтің ісін бүгінде оның ұлы — полиция лейтенанты Боранбаев Азамат Ержанұлы жалғастырып келеді. Әке жолын жалғаған жас офицер бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдаған. Ол күн сайын қызметке шығып, қоғамдық тәртіпті күзетіп, құқықбұзушылықпен күресіп, халыққа адал қызмет етуде.
Отбасының табанды рухын, борышқа деген адалдығын анасы — полиция подполковнигі Ахметова Баян Әбілханқызы да айқын дәлелдейді. Оның кәсіби тәжірибесі мен қызметке деген адалдығы ұлына да, айналасына да үлгі бола білді. Ана мейірімі мен офицерлік тәртіпті қатар алып жүрген Баян Әбілханқызы – батылдық пен парасаттылықтың бейнесі.
Ахметовтер отбасы — адалдықтың, ерліктің, қызметке деген жанқиярлықтың символы. Олардың өмір жолы – ерлік пен ар-намыстың, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен адалдықтың ұрпақтар сабақтастығы арқылы қалай сақталатынының жарқын мысалы. Олар – әділет үшін, заң мен азаматтың құқығын қорғау үшін қызмет етіп келеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды