28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарШҚО әкімі Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыс орталығындағы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, құқық қорғау органдарының басшылары, әскерилер, түрлі сала мен ұйымдар өкілдері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының мүшелері мен жастар қатысты.
Бүгін біз ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің сақталуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, ерлігі аңызға айналған батыр бабаларымыздың даңқты жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етеміз. Отан қорғау – қасиетті парыз әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан бұл мереке әр азамат үшін ерекше мәнге ие. Салтанатты жиынның Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов ескерткіші жанында өтуінің символдық маңызы зор. Ол майдан даласында ерлік көрсетіп, ел басына күн туған шақта батырлықтың биік үлгісін танытты, - деді облыс әкімі.
Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде бүгінгі сарбаздар мен офицерлер осы даңқты жолдың лайықты жалғастырушылары екендігін жеткізді.
Одан соң жемісті еңбек етіп жүрген әскерилер, құқық қорғау органдары мен ТЖД қызметкерлері мерекеге орай облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңында жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?