6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда дарынды авторларды қолдауға және қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңызын көрсетуге арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Байқау ведомство қолдауымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жарияланып отыр. Негізгі мақсат – қарапайым еңбек адамдарының өз ісіне деген адалдығы мен сүйіспеншілігін, әр мамандықтың ерекшелігін насихаттайтын туындылардың жазылуына ықпал ету арқылы еңбек адамдарын насихаттау.
Туындыларда еңбек адамдарының ішкі жан дүниесі, басынан кешкендері, армандары мен күнделікті кездесетін қиындықтары қамтылуға тиіс. Сол арқылы қаламгерлерге халықтың ыстық ықыласына бөленген, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бірегей образдар жасауға мүмкіндік беру.
Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған кез келген жанрдағы жаңа шығармалар қабылданады. Конкурстың жеңімпазын қаламгерлер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын комиссия анықтайды.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың тамызына дейін жалғасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі