6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерДарынды авторларды қолдауға және қоғамдағы еңбек мамандықтарын насихаттауға бағытталған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Байқау Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жарияланып отыр. Оның шартына сәйкес, қаламгерлер шығармаларында қарапайым еңбек адамдарының өз ісіне адалдығы мен сүйіспеншілігін, әр мамандықтың ерекшелігін ашуы керек.
Байқауға қатысатын туындыларда еңбек адамдарының ішкі жан дүниесі, басынан кешкендері, армандары мен күнделікті кездесетін қиындықтары қамтылуы тиіс. Ол үшін бұған дейін еш жерде жарияланбаған кез келген жанрдағы жаңа шығармалар қабылданады.
Министрлік мәліметінше, конкурстың жеңімпазын қаламгерлер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын комиссия анықтайды. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі