22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАкцияға қатысушылардың бірі – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицері подполковник Қуаныш Төлеубеков үшін Жеңіс күні әкесі туралы естелік күні болып саналады.
«Менің әкем Зекен Ысқақұлы Төлеубеков 1940 жылы Қызыл армия қатарына әскерге шақырылды. Соғыс басталғанда генерал-майор Александр Радимсевтің басшылығымен Харьков қаласындағы 387-ші атқыштар полкі 13-ші гвардиялық дивизион құрамында болды», - дейді офицер әңгімесінде.
Харьков маңындағы қиян-кескі ұрыстан кейін Зекен Төлеубековтың дивизиясы Волга өзенінің сол жағалауына жөнелтілді. 1942 жылдың шілдесінде Сталинградқа өзен арқылы өту тапсырмасын алды. Сол кезеңде мектепті не жоғарғы оқу орындарын жаңа бітірген жас бозбалаларды су жағасында қарсыластың соққысы күтіп тұрды, сонымен қатар алда қаланың орталық бөлігін алу және қорғау, одан әрі Мамаев қорғанына бекіну мақсаты тұрды.
«Бұл өте қауіпті сәт еді, қарша бораған оқтар мен снарядтар тура саған ұшып келе жатқандай көрінеді – деп сұрапыл соғысты әкем еске алып отыратын. Әр үй үшін, әр көше үшін соғыстық. Сол кезде Сталинград қаласын қорғаушылар таңқаларлық қаһармандық мен ерлік көрсетті», - деп әңгімейді Қуаныш Төлеубеков.
Осындай ұрыстардың бірінде 1942 жылдың қараша айында әкем ауыр жараланыпты. Бірнеше ота жасалғаннан кейін де ол Курск доғасын қорғау үшін жасалған ұрыстарға қатысты, аладйда осы шайқаста қайта жарақат алды. 1945 жылдың наурыз айында 2-ші топ мүгедегі деп танылып, туған елі Қарқаралыға оралды.
«Әкем қарапайым болатын, соғыс жылдары туралы сирек әңгіме айтатын, тіпті есіне аз алатын. Кейде ол соғыс жайында бірнеше сөздер айтып отырып, үнсіз қалатын, сол кезде көзіне іркіліп жас келетін», - деді әскери қызметші.
Зекен Төлеубеков Жеңістің 70 жылдығын көре алмады, бірақ оның ерлігі мен өмірі туралы естелік наградаларында сақталды. Атап айтқанда, майдангер «Қызыл жұлдыз», «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Курск қорғаушыларына» және басқа да медальдармен марапатталған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев