23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіII дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан қазақ батыры көп. Бірақ басым бөлігін көпшілік біле бермейді. Солардың бірі - Жамбыл облысынан шыққан сұрмерген - Ыбырайым Сүлейменов. Есімі жалпақ жұртқа мәлім болмаса да, көзсіз ерлігі үшін екі мәрте батыр атағына ұсынылған.
Ыбырайым Сүлейменовтың немере қарындасы Айткүл Сүлейменова биыл 86 жаста. Осы әулеттегі батырдың көзін көрген жалғыз кісі. 1941 жылы әскерге шақырылып, соғысқа аттанарда да шығарып салыпты. Сол сәттердегі айтқан ағалық ақылы әлі есімде дейді кейуана.
Ыбырайым Сүлейменов 1911 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. 41-жылы әскер қатарына шақырылып, оны мергендікке баулыған. 100-атқыштар бригадасында Мәскеу маңындағы ұрыстарға қатысып, 239 жаудың көзін жояды. Кейін Невель қаласын жаудан азат ету операциясы кезінде 43 жылы ерлікпен қаза табады. Сол кезде жанқиярлығы үшін «Кеңес одағының батыры» атағына ұсынылады. Алайда тек «Ленин» ордені берілген. Майдангердің ұрпақтары батырға лайық құрмет көрсетілсе екен дейді.Айткүл Сүлейменова, Ы.Сүлейменовтың немере қарындасы: Біздің отбасымызда қалған ең үлкені - мен. Көзін де көрген - мен. Басқа ешкім қалған жоқ. Әкеміз де кетті, шешеміз де кетті. Қалғаны соғыстан кейін туған.
Ертай Жұмаділов, Ы.Сүлейменовтың туыс інісі: «Халық қаһарманы» берсе деп ойлап жүрмін. Қарындасы - менің мамам, жылда 9 мамырда «Астанаға барып қаласың, мама» деп айтамын.
Гүлнар Дуанбекова, Ы.Сүлейменов атындағы мектеп директорының орынбасары: 1977 жылы Калинин атындағы 8 жылдық мектепке Ы.Сүлейменовтың есімі берілген. Жылда 9 мамырда кездесу өткізіп, спорттық жарыс ұйымдастырамыз. Патриоттық бағыттағы тәрбие сағаттары ұйымдастырылады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады