7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевты қабылдады, деп хабарлайды El.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.
Ерлан Қарин Қазақстанда руханият саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.
Сондай-ақ, ол биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында жүзеге асқан іс-шараларға да тоқталды.
Мемлекеттік кеңесші айтулы тұлғалардың атаулы даталарын ТҮРКСОЙ шеңберінде өткізу қажет екенін атап өтті.
Өз кезегінде Сұлтан Раев Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезовтің мерейтойларын халықаралық ұйым аясында атап өтуге қатысты жоспар құрылғанын, сол бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар тек түркі әлемі шеңберіндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілерге жыл сайын берілетін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезов атындағы төсбелгі шығарылғанын айтты.
Кездесу соңында тараптар жыл соңында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған кең көлемді іс-шара ұйымдастыратын болып уағдаласты.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?