Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікКездесуде Мемлекеттік кеңесші түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңыздылығын айтып, еліміздің білім, ғылым саласындағы басым бағыттарды атап өтті, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Ұлттық ғылым академиясында және Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөздерінде айтылған руханият, мәдениет, білім, ғылым салалары бойынша бастамаларының мәні мен маңызына тоқталды.
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының білім, ғылым бағытында атқарған жұмыстары жөнінде, оның ішінде, халықаралық ұйым шеңберінде Ахмет Байтұрсынұлының 175 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында өткен іс-шаралар туралы баяндады. Бұдан бөлек, пандемиядан кейін жалғасқан Моңғолиядағы археологиялық қазба жұмыстары мен экспедициялардың барысын жеткізді.
Биыл түркітілдес мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың орнағанына 30 жыл толады. Осыған орай Академия президенті бауырлас елдердің ықпалдастығын арттыруға қатысты ойымен бөлісіп, айтулы датаны атап өту жайындағы ұсыныстарын айтты.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді