6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің мерейлі мерекесі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – еліміздің ата заңы, мемлекеттілігіміздің мызғымас тұғыры. Байтақ Отанымыздың баянды дамуын, қоғамдық құрылысы мен басты ұстанымдарын айқындайтын қастерлі құжаты. Елдігіміздің алтын арқауына айналған Ата заңнан бастау алған сан-салалы заңнама мемлекетіміздің дамылсыз дамуына, үздіксіз өсуіне ұдайы жол ашып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заман сұранысына сай жүргізген конституциялық реформалары бүгінде өз жемісін беріп отыр, - деді Мәжіліс төрағасы.
Бұл баршаға бірдей мүмкіндік ұсынып, әрбір азаматтың құқығы қорғалатын Әділетті Қазақстанды құруға берік негіз қалады.
Әйгілі ғұлама Жүсіп Баласағұн айтқандай, «Әділ заң – тірегің». Ата заңымыз елдік пен әділеттіліктің тірегі болып, әрдайым мемлекетіміздің айбыны мен абыройын асқақтата берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - делінген құттықтауда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі