Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында ел дамуының негізгі бағыты ретінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізуді атап өтті. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биылғы жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді, – деді ол.
Қариннің айтуынша, бұл қадамдардың барлығы жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктірілмек.
Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді, – деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші.
Оның сөзінше, биылғы жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні дамыту Қазақстан үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?