22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМемлекеттік кеңесші, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның Парижде өтіп жатқан 42-ші Бас конференциясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың мәліметінше, Ерлан Қарин Қазақстанның ЮНЕСКО-мен жан-жақты әріптестікті дамытуға баса мән беретінін атап өтті.
Мемлекеттік кеңесші мұндай ықпалдастық елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық реформалар жүргізуге ықпал ететінін айтты. Делегаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында және биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бірқатар бастама туралы ақпарат берілді.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың мақсаты – білім, ғылым және мәдениетті өркендету арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, – деді Ерлан Қарин.
Мемлекеттік кеңесші елімізде мәдени және табиғи мұраларды қорғауға қатысты нақты жобаларды іске асыру, білім беру саласын, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды, коммуникация және бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту үшін ЮНЕСКО-ның дәйекті түрде қолдау көрсетуі маңызды екеніне тоқталды.
Ерлан Қарин бейбітшілікті нығайтуға, орнықты дамуға және мәдениетаралық диалогты өркендетуге ықпал ететін Ұйымның мінберінен сөз сөйлеп, Қазақстан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының сессиясында киелі кітаптарды, соның ішінде Құранды вандализмнен құқықтық тұрғыдан қорғау қажет екені жөнінде мәлімдеме жасағанын еске салды.
Сондай-ақ «Тұранның қысқы суық шөлдері» көпұлттық номинациясының құрамдас бөліктері ретінде «Алтын Емел» ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығы аумақтарын Дүниежүзілік мұра тізіміне қосуға қолдау білдіргені үшін Ұйымға мүше мемлекеттерге алғыс айтты.
Климаттың өзгеру себептеріне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізу туралы бастамасына назар аударылды.
Ерлан Қарин сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның ЮНЕСКО-мен арадағы тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға дайын екенін жеткізді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев