12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСу тасқынына қатысты ахуал бойынша халықты құлақтандыру үшін жауапты ведомство өкілдерінің қатысуымен қосымша онлайн брифингтер өткізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқынына қатысты қазіргі ахуал туралы ақпарат тарату үшін Орталық коммуникациялар қызметінде республикалық ақпараттық штаб құрылған. Бұл штаб БАҚ өкілдерін құзырлы органдардан түскен мәліметпен тәулік бойы қамтамасыз етеді.
Бүгіннен бастап Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Казгидромет және басқа да мекеме өкілдерінің қатысуымен қосымша онлайн брифингтер ұйымдастырылады. Төтенше жағдай жарияланған 10 аймақтан жергілікті штабтармен онлайн брифингтер жоспарланып отыр. «24kz» телеарнасының эфирлік уақыты республикалық ақпараттық штабтың жұмысымен үйлестіріліп, брифингтерден тікелей хабар таратылады, - деп жазды Ерлан Қарин.
Бұдан бөлек телеарнадағы жаңалықтардың эфирге шығу жиілігі артып, су тасқынымен күресу және оның салдарын жою, құтқару қызметтерінің, волонтерлік ұйымдардың және басқа да азаматтардың бірлескен жұмысы, зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинап жеткізу барысы туралы тұрақты ақпарат берілетін болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер